Елімізде шағын жинақты мектептер саны қанша

2 358

Фото: Бөкейхан мектебі Оқу-ағарту министрлігі шағын жинақты мектептердің жұмысына кепілдік беретін нормативке түсінік берді "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Министрліктің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне сәйкес, халық саны аз әрбір елді мекенде: бастауыш — білім алатындар саны 5-тен 40 балаға дейін, негізгі — 41-ден 80 балаға дейін, орта — 81-ден 180 балаға дейін жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. Жалпы, еліміз бойынша 8 мыңға жуық мектептің ішінде екі мыңнан астам мектеп ауылда орналасқан шағын жинақты мектептер саналады, — делінген министрліктің.

Сонымен қатар, «Білім туралы» заңның 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.