Биыл түлектер ең көп таңдаған мамандық қандай?

2 515

Фото: testcenter.kz2025 жылы педагогикалық мамандықтар инженерлік бағыттарды басып озып, Қазақстандағы талапкерлердің негізгі таңдауына айналды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2025-2026 оқу жылында педагогика ғылымдары саласындағы бағдарламаларға әрбір төртінші талапкер немесе барлық оқуға тапсырғандардың 25,4% түсті. Ал инженерлік, өңдеу және құрылыс бағыттарын бірінші курс студенттерінің 16,3%-ы таңдады.

Үшінші орынды бизнес, басқару және құқықпен байланысты мамандықтар иеленді – 14,1%. Сондай-ақ, талапкерлердің 11,3%-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына тапсырған. 

Биылғы оқу жылында ЖОО-ға 208,9 мың адам қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артық.

Ал, студенттердің жартысына жуығы мемлекеттік жоғары оқу орындарында (49,9%), тағы 49,5% – жекеменшік, 0,6% – шетелдік білім беру ұйымдарында оқиды. Бұл ретте жоғары оқу орындарының 42,2%-ы мемлекеттік меншікте, 56%-ы жеке меншікте, тағы 2 жоғары оқу орны шетелдік меншік нысанына жатады.

Шетел азаматтарының арасында елімізде жоғары білім алуды көбінесе Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан және Ресейден келген студенттер таңдайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.