Ең үлкен академиялық қалашық салынады

2 470

Фото: som.comҚонаев қаласында Орталық Азиядағы ең ірі академиялық қалашық бой көтермек. Жаңа кампусқа Алматыдан шамамен 30 мың студент көшіп келеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қонаев атындағы академиялық қалашық деп аталатын жаңа кампус 100 гектар аумақта орналасады. Іргетасы 2026 жылы қаланады деп жоспарланып отыр. Ал академиялық қалашық құрылысы 2029 жылға дейін аяқталуы тиіс.

"Студенттерге арналған жатақханалар, мұғалімдерге үйлер мен пәтерлер салынады. Үлкен кітапхана орталығы, спорт нысандары, тіпті Орталық Азиядағы ең үлкен бассейндердің бірі құрылады", – деді Қонаев атындағы академиялық қалашық қорының төрағасы Жанат Рахмани.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.