245 ерекше бала білім алып жатқан мектептің жұмысы тоқтауы мүмкін

2 516

Фото: Sputnik . Айдана ДайыроваАлматыда ерекше балалардың аналары қиындыққа тап болдық дейді. Айтуларынша, балаларын оқытып жүрген инклюзивті білім беретін мектеп жұмысын тоқтатқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұған қарсы болған ата-аналар билік пен БАҚ-тан көмек сұрауда. 

Алматыдағы ерекше балаларға арналған тегін инклюзивті білім беретін "Академия педагога" жекеменшік мектебі жұмысын тоқтатқан. Өйткені білім мекемесіне бұдан былай қаржы бөлінбейді. Мектепте 250-ге жуық ерекше бала білім алған.

"Осы мектепте екі жылдан бері балам оқып жүр. Биыл бірінші сыныпқа келдік. Менің ұлымның диагнозы - аутизм, интеллект төмендігі. Бұған дейін қаншама орталыққа баламды апарумен болдым, нәтиже болған емес. Ал осында келгелі балам велосипед теуіп үйренді, жан-жақты дамып келеді. Мұндағы балалардың көбісі дәрігерлерден құралған комисияның шешімімен үйден оқитын балалар. Қаншама ақылы орталықтарға апарсам да дәл осы жердегідей нәтиже болған емес", - дейді ерекше баланың анасы Гүлназ Алдабергенова.
Қарапайым мектепте балаға бір тақырып 45 минут оқытылса, ерекше балаларға бір тақырыпты түсіндіруге бірнеше күн қажет,- дейді педагог.
"Бұл мектеп ерекше балаларға ауадай қажет. Ерекше бала 3-4 күн еш әрекетсіз отырып қалса даму деңгейі барынша төмендеп кетеді”, - дейді "мектептің бастауыш сынып мұғалімі Альбина Аралбаева.

Мектепті осы күнге дейін мемлекет қаржыландырып келген.

Қала әкімдігінің айтуынша, мектеп талапқа сай келмейді.

Білім басқармасы жүргізген талдау нәтижесінде мектептің жеке тұрғын үйде орналасқаны яғни, объектінің нысаналы мақсатына сәйкес келмейтіні анықталған,-дейді әкімдік.
"Аталған жеке меншік мектеп мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді. Ғимарат белгіленген талаптарға сәйкестендірілген жағдайда, мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурсқа қатыса алады", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.