11 сынып оқушысы Менделеев олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

2 507

© Photo : Оқу-ағарту министрлігіМәскеуде өткен химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушы жоғары нәтиже көрсетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев Мәскеуде өткен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын медаль иегері атанған. 

Химиядан әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын International Mendeleev Chemistry Olympiad байқауына 37 елден 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Атап айтқанда ол елдер қатарында Қазақстан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Солтүстік Македония, Израиль, Түркия, Әзербайжан, Иордания, Коста-Рика, Тайланд, Египет, Өзбекстан, Куба, Чад Республикасы, Моңғолия, Түрікменстан, Бразилия, Армения, Тәжікстан, Камерун, Бангладеш, Вьетнам, Ботсвана, Нигерия, Беларусь және Қытай бар.

Қазақстан құрамасы сайыста 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Алтын медальді Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Теңізбаев Арен алды.