Спорт мектептерінің қызметкерлеріне берілетін үстемақы мөлшері өзгерді

2 510

Фото:©gov.kzҚазақстан Үкіметінің  қаулысымен азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қаулы 2026 жылдың 21-ші шілдесінен бастап өзгерістер енгізілген.  Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлері және қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін базалық лауазымдық жалақы (БЛЖ) 17 697 теңге мөлшерінде белгілеген. Сонымен қатар дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбек жағдайына байланысты төленетін үстемақылар мен қосымша ақыларға өзгерістер енгізілген.

Атап айтқанда, мына ұйымдардың қызметкерлеріне:

- Олимпиадалық даярлау орталығының;

- балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің;

- олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің;

- мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің;

- спорт колледждерінің;

- спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың;

- мектеп-интернат-колледждердің;

- жоғары спорт шеберлігі мектептерінің;

- олимпиадалық резервті даярлау орталығының;

- дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының;

-ұлттық және ат спорты түрлері орталығының;

- Спортты дамыту дирекциясының;

спорт клубтарының қызметкерлеріне төмендегідей қосымша ақы белгіленген.

Қазақстан чемпионаттарында, Қазақстан спартакиадаларында, Қазақстанның жастар ойындарында және Қазақстан Паралимпиада ойындарында жүлделі орын алған спортшыларды даярлағаны үшін:

- І орын – лауазымдық жалақының 1,5%-ы;

- ІІ орын – 1%-ы;

- ІІІ орын – 0,5%-ы мөлшерінде үстемақы төленеді.

Бұл норма республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне қолданылмайды.  Қазақстан чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) І орын алған спортшыларды даярлағаны үшін қызметкерлерге лауазымдық жалақының 1%-ы мөлшерінде үстемақы белгіленген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.