Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ балалар қауіпсіздігін күшейтті

2 505

Фото: Opennews.kz ЖИІшкі істер министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.                     

ІІМ жаңа оқу жылына санаулы күндер қалғанын, осыған байланысты полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейткенін еске салды.

Оқу жылы басталар алдында мектептер мен білім беру ұйымдарының маңында бақылау күшейтіледі.

"Полицияның міндеті – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырады. Әсіресе, балалардың жолға күтпеген жерден шығып қалуы мүмкін екенін әрдайым ескерудің маңызы зор", - деп мәлімдеді ІІМ.

Қазіргі уақытта мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріләп жатыр. Сонымен қатар мектеп автобустары мен балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігі де бақылауға алынған.

Тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымына қатысты 548 нұсқама берілген.

ІІМ ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін күн сайын еске салып отыруға шақырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.