Даулы оқиғалардан кейін елдегі бүкіл балабақшалар тексерілмек- министрлік

356

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қаладағы барлық балабақшаны тексереді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бұл жұмыс еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізіледі.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамсыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенованың айтуынша, балабақшалар 100 пайыз қауіпсіз болу керек.

Осы күндері Алматыдағы екі балабақшада болған оқиғаларға енді жол беруге болмайды. Балабақшалар әкімдіктердің қарамағында. Заң бұзушылықтардың басым көпшілігі жекеменшік балабақшаларда тіркеледі. Бірақ қауіпсіздік бәрінде бірдей болуы керек,— деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, осы жылдың қыркүйегіне дейін мемлекет балабақшалар сапасына бақылау жүргізе алмайтын. Мәселен балабақшалар басқа білім беру ұйымдарына қарағанда, лицензиялаудан босатылып, хабарлама арқылы ашылатын. Сонымен қатар олар мемлекеттік бақылау мен аттестаттаудан босатылған.

Біз балабақшаларға мемлекеттік тексеру институтын заңды түрде биыл ғана енгізе алдық. Бұған қарсы шыққандар да болды. Бірақ балалардың мәселесіне келгенде, бейжәй қарамау керек. Желтоқсан айының басында біз тексерген балабақшалардың шамамен 80 пайызы білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес емес. Осыған байланысты олар мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді, — деді Гүлзат Көбенова.