Асқар Аймағамбетов: «Кітапқа құштар мектеп» жобасын қолға алуымыз керек

550
Бүгінгі Білім және ғылым министрлігінде өткізілген  жиналысында   Асхат Аймағамбетов жастарды сауатты болуға шақырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Кітап оқу мәдениетін қалыптасыру, жалпы оқу сауаттылығын арттыру - біз үшін үлкен міндет. Осы бағытта «Кітапқа құштар мектеп» жобасын іске асырып жатырмыз. Әрине, жоққа шығаруға болмайды, жақсы өзгерістер бар. Қазіргі уақытта кітапханалардың балаларға қажетті әдебиеттермен толықтырылуы дұрыс. 400-ден астам әртүрлі коворкинг орталықтарының ашылуы, кітапханашылардың жаңа форматта жұмыс істей бастауы, оқырмандардың көбеюі қуантады. Бірақ, әлі де шешілмей жатқан мәселе баршылық. Оған да назарларыңызды аудартамын. Оның ішінде барлық өңірде бірдей жоғары деңгейде осы жоба іске асып жатқан жоқ. Әсіресе, елордамызда, Ақмола облысында, басқа да өңірлерде бұл жоба өте төмен деңгейде іске асырылып жатыр», - деді Асхат Аймағамбетов.


Сонықтан министр облыстардың білім басқармалары, мектеп директорлары «Кітапқа құштар мектеп» жобасын тиісті деңгейде ұйымдастыруы қажеттігін баса айтты. 

«Күн сайын 20 минут кітап оқу мәселесін де биыл арнайы енгізгенбіз. Коворкинг форматында жұмыс ұйымдастыру, кітапханашылардың жұмысын жаңа форматта ұйымдастыру, басқа да бағытта жұмыс жүргізілуі керек. Бірақ, бүгінде осы мәселелерге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей жатыр. Анау күні бір мектепке барып, кітапханасын қарадым. Кітапханаға кіріп келгенде балаларға арналған кітаптар тұруы керек. Бірақ, оның орнына балаларға қызықты емес туындылар қойған. Сонда басты бағыттың, міндеттің өзін ешкім түсінбегені ғой. Сатып алынған кітаптардың өзін қарасақ, қажет емес. Мүмкін қажет те шығар. Бірақ, осындай кітаптардың қажет емес көлемін сатып алған. Өте күрделі. Әйтеуір кітап сатып алу керек деп, ойына келген кітапты сатып алудың қажеті жоқ. Тиісті тізім, мектеп бағдарламасы бар. Сол бағдарламаға сай сатып алу керек», - деді ол.
 

Осы ретте Асхат Аймағамбетов барлық өңірлерге 2 апта ішінде мектеп кітапханаларындағы әдеби кітаптарға талдама жүргізіп, есеп беруді тапсырды.

«Сол есептің нәтижесі бойынша тиісті шара қабылдаймыз. Қажет болса, орындарынан босату керек. Кітап оқыу мәдениетін, сауаттылығын арттырамыз деп жатсақ, кейбір әріптестеріміз мұны түсінбесе, онда олар ары қарай жұмысын жалғастырмауы керек. Бұл біз, Мемлекет басшысы айтпай-ақ әр адамның, әр қызметшінің күнделікті жұмысы», - деді министр.