ҰБТ аралық нәтижесі: елімізде орташа балл – 66 балды құрады

515

Фото. Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығыҚазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу  кезінде 215 талапкер емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

ҰБТ-ның аралық нәтижесін ұсынған Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін түлектердің 75% – қазақ тілінде, 24,8% - орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде емтиханнан өтті. Шекті балды 67% жуық талапкер ғана жинай алған. Орташа балл – 66 балды құрады. Бүгінгі таңда смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 215 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 199 адам шығарылып, олардың да нәтижелері жойылды.


 «Тестілеудің бесінші аптасы аяқталды, барлығы штатты режимде өтіп жатыр. Жалпы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш келіп түсті, олардың ішінде 160 мың өтініш бірінші мүмкіндікке, 130 мың өтініш екінші мүмкіндікке берілген. Қазіргі таңда 170 мың рет тест тапсырылды, яғни талапкерлер екінші мүмкіндігін пайдалана бастады. Өткен аптамен салыстырғанда орташа балл 1 балға жоғарылады», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.