Қазақстандық дарынды оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін үстемақы төлейді
821
Елімізде дарынды оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін бір реттік үстемақы төленетін болды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Жеңімпаздар Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, өзі қалаған отандық ЖОО-на емтихан тапсырмай түсе алады. Олардың ұстазы мен тәлімгерлеріне де қаржылық ынталандыру көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов арнамызға берген арнайы сұхбатында айтты.

"Мен әдейі айтып отырмын, ҰБТ тапсырмайды деп. Мысалы, химия бойынша дарынды балалардың өздерін алайық. Менделеев атындағы үлкен халықаралық байқауда жүлделі болды, бірақ қазақ тілі мен тарихы пәндерінен әлсіз болуы мүмкін. Бірақ соңғы екі пәнге бола химия пәніндегі білімін құрбан қылмай қолдау көрсетеміз. Дәл осындай салалық дарынды балалар үшін ерекше қолдау", - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов