БИЫЛ ОБЛЫС ӘКІМІ 100 ОҚУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАДЫ
276

- Облыстың еңбек ресурстарының балансына сәйкес мамандар тапшылығын және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобалардың іске қосылатынын ескере келе 2022 жылға облыс әкімінің 100 оқу гранты бөлінді. Аталмыш гранттар білім, ауылшаруашылығы, өндірістік және өңдеу, инженерия және инженерлік іс, ветеринария, журналистика және ақпарат, әлеуметтік ғылымдар, мәдениет және денсаулық сақтау салаларына бағытталған. Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік грант конкурсына талапкерлерден өтінім қабылдау 22 шілдеде аяқталды. Конкурс нәтижесі тамыз айының 10-на дейін жарияланады деп күтілуде, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев брифинг барысында.

- Грантты тағайындау туралы шешім аудан, қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиямен қабылданады. Бүгінде 100 студенттің оқу ақысын және жүріп-тұру, тамақтану шығындарын ішінара өтеуге әлеуметтік көмек тағайындауға облыстық бюджеттен 84,8 млн теңге қаражат бөлініп, аудан, қала бюджеттеріне жеткізілді, - деді басқарма басшысы Ғ.Жаңабаев.
