Жаңа жылдан бастап кейбір дәрігердің жалақысы 300%-ға өседі: Кімдерге көбірек төленеді?

2 506

Фото: Opennews.kz ЖИДенсаулық сақтау министрлігі 28 қазан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасын орындау мақсатында дәрігерлердің жалақысын өсіретін құжат әзірлеп, оны талқылауға шығарды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған қаулының жобасына сай, Денсаулық сақтау министрлігі жалақыға қатысты мынандай ұсыныстарын жариялаған:

Медициналық қызметкерлерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында үздіксіз жұмыс өтілі үшін қосымша ақы (дәрігерлер: учаскелік терапевт, учаскелік педиатр, жалпы практика; орта медициналық персонал: учаскелік мейіргер, жалпы практика мейіргері, фельдшер, акушер, патронаждық мейіргер, мектеп мейіргері): 2 жылдан астам – лауазымдық айлықақыдан 20%; 3 жылдан астам – лауазымдық айлықақыдан 30%; 5 жылдан астам – лауазымдық айлықақыдан 50%.

медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының медициналық емес қызметкерлері үшін, халықты сүйемелдеуге тікелей қатысатын – психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы: психологтарға базалық лауазымдық айлықақыдан 300%; әлеуметтік қызметкерлерге базалық лауазымдық айлықақыдан 200%.

«2027 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек учаскелік қызметінің медициналық қызметкерлерінің, сондай-ақ  медициналық-санитариялық алғашқы көмек учаскелік қызметінің психологтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің жалақысы артады», - деп жазылған қаулының мәтінінде.

ДСМ жазғандай, ұсынылған шаралар атаулы сипатқа ие және ең алдымен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін тікелей қамтамасыз ететін қызметкерлерді тұрақтандыруға бағытталған. Оларды іске асыру кадрлардың тұрақсыздығын азайтуға, кадр тапшылығын қысқартуға, пациенттерді бақылау сабақтастығын қамтамасыз етуге және қолданыстағы мамандарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.       

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.