Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

262
Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының «дельта плюс» штаммы анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

«Республика аумағында COVID-19 штаммы айналымына мониторинг жасау екі айда бір рет жүргізіліп отырады. Желтоқсан айының басында жүргізілген зерттеу нәтижелерінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елордада «дельта» және «дельта плюс» штаммы айналымда жүр», – деді ол.

Сонымен қатар ол нақты деректерге де тоқталып өтті.

«Бүгінде елордада «дельта» штаммы 47 пайыз, ал «дельта плюс» штаммы 41 пайыз айналымда жүргені анықталып отыр», – деді Сархат Бейсенова қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.