Қызылорда облысында тұмау жұқтырғандар саны артты

602
Қызылорда облысында жыл басынан бері тұмау жұқтырғандар саны өткен жылғы  кезеңмен салыстырғанда 39 пайызға артты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өңірде 2021-2022 жылдардағы эпидмаусымда жедел респираторлық вирусты инфекциясына (ЖРВИ) шалдығудың 19745 дерегі тіркелді. Олардың 64,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың. Оның ішінде 24,1 пайызы – 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Есепте тұрған жүкті әйелдер арасындағы ЖРВИ-ға шалдығу көрсеткіші 25 пайыз.

Жүргізілген эпидемиологиялық мониторингке сәйкес өңірде эпидахуалдың күрделенуі байқалған жоқ.

«Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 39 пайызға жоғары», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2021-2022 жылдардағы эпидмаусымға 80186 доза вакцина сатып алынған болатын. Өңір тұрғындары арасында тұмауға қарсы вакциналанған контингент 95,6 пайызға жуық.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.