ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ ЖИІЛЕП БАРАДЫ
557
Үстіміздегі жылы Қызылорда облысы бойынша ана мен бала өлімі артты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыста ана мен бала өлімінің деңгейі жылдан жылға жоғарылап барады. Ресми дерекке жүгінсек, 2020 жылы өңірде ана мен бала өліміне әкеліп соққан 12 жағдай орын алса, ағымдағы жыл басынан бері екі жағдай тіркелген.
Мұндай ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сабит Пазылов облыс әкімдігін кездесуінде жария етті.
Алайда, бас дәрігер облыс әкімінен сұраған қаржысының зандылығын білмей дал болды.
Маманның айтуынша, өлімнің себептері жұқпалы қабыну ауруы, тамырлардың патологиясы, акушерлік қан кету мен төртіншісі жүктілікке қатысы жоқ аневризма, бас ми тамырының жарылуы екені анықталған. Алайда облыстық ана мен бала орталығында арнайы «Босанғаннан кейінгі реабилитация бөлімінің» болмауы басты себеп екендігі белгілі болды.
Статистикаға сүйенсек, 2020 жылы – 12, 2021 жылы -10 өлім тіркелген. Демек біздің облыста ана мен баланың өміріне немқұрайлы қарағандығы ма? Экологиялық аймақ бола тұра, ана мен баланың өміріне араша болған, бөлімшенің қайта жабылуына қалалық қаржының бөлінбегендігі қалай?
Әрине, бұл қайғылы жағдайлардың кейбірінің алдын алуға болатыны да анықталды. Егер де аталмыш орталықта реабилитациялық бөлімше орналасса ана мен бала өліміне араша болар еді дейді сала мамандары. Алайда, облыс әкімі алдағы уақытта ықпал жасап, «Облыстық ана мен бала перинаталды орталығында» жаңа бөлімшенің ашылуын жүзеге асыруды тапсырды.
Алайда, Қызылорда облысының бас дәрігері республикалық дәрежеде мәселені көтеріп, айтып жоғары билік өкілдеріне жеткіздім деп түсіндіргенімен, қалалық қаржыдан қарастыру заң талаптары шеңберіне жататындығын әлі күнге дейін қарастырмағаны қалай?
Ана мен бала өлімі тіркелмеген жылдары облыс әкімі ретінде Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен 30 орындық бөлімшені қаржыландыруға 34 миллион жұмсалғандығы белгілі болды. Ал, әкімдік ауысқан тұста бұл бөлімшенің есігі жабылып, 2020 жылы 12 жағдай тіркелген.

«2016 жылы Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен қалалық қаржыландырудың арқасында бірде бір ана мен бала өлімі тіркелмеген. Ал, бүгінде артып отыр. Біздің облыс бойынша аналарымыздың ауыр босануына орай бөлімшенің жоқтығы»,-дейді Сәбит Пазылов.