Еліміздің тағы бір қаласында 30 сәуірден бастап карантин күшейтіледі
Жамбыл облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында аймақтың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Оған сәйкес облыстың әкімшілік орталығы - Таразда карантин күшейтіледі.
Құжатқа сәйкес, қалада қоғамдық және отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, қоғамдық ғимараттар мен көліктерде міндетті түрде маска тағу талабы енгізілген.
Кеңселер мен ұйымдардағы қызметкерлердің кем дегенде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады. Күндізгі режимге көшірілген персонал 20% -дан аспауы тиіс, ал олардың жұмыс уақыты мүмкіндігінше қысқартылуы керек.
ХҚКО, жұмыспен қамту бөлімдері, банктер және "Қазпошта" бөлімшелері 09:00-ден 18:00-ге дейін барлық
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жұмыс істей алады.
Тамақтану орындары мен фуд-корттардың жаңа жұмыс уақыты - 08:00-ден 05:00-ге дейін. Рұқсат етілген формат - тек тағамды жеткізу және өзімен алып кету болып табылады. Санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілуі керек. Үй-жайдағы тамақтандыру орындары 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады, десе де жаппай және салтанатты іс-шараларға тыйым салынады. Келушілермен ғимараттың толуы 50%-дан және 30 орыннан аспауы керек.
Ашық базарлар жексенбіде, ал жабық базарлар сенбі мен жексенбіде жабық болады. Сондай-ақ сауналар, курорттық орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтарының қызметкерлері екі күн демалатын болады. СОСО, сауда орталығы және сауда үйлері сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Тек оларда орналасқан супермаркеттер мен дәріханалардың жұмысына тыйым салынбаған.
Алаңы 2000 шаршы метрге дейін жететін жекелей тұрған азық-түлік дүкендері санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, жұмысын жалғастыра алады.
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.
Қаулы ағымдағы жылдың 30 сәуірінде күшіне енеді.