Әлемде коронавирус жұқтыру деңгейі азайды, бірақ кей аймақта адам өлімі көп - ДДҰ

516

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пандемия туралы баяндамасына сәйкес, әлем бойынша коронавирус жұқтыру төрттен бірге азайды, бірақ Азияның кейбір бөліктерінде өлім-жітім көбейген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.comБҰҰ Денсаулық сақтау агенттігі өткен аптада COVID-19 жұқтырудың 5,4 миллион жаңа жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бұл – алдыңғы аптаға қарағанда 24%-ға аз. Коронавирусқа шалдыққандар саны әлем бойынша азайды, оның ішінде Африка мен Еуропада шамамен 40%-ға, Таяу Шығыста үштен бірге қысқарған.
Алайда, Тынық мұхитының Батыс бөлігі мен Оңтүстік-Шығыс Азияда коронавирустан болған өлім жағдайы 31% және 12%-ға көбейген.


ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустан қайтыс болғандардың саны соңғы айда 35%-ға артқанын, өткен аптада 15 мың адам көз жұмғанын мәлімдеді.