Түркістан облысының таулы аймағында жеті адам жоғалып кетті

265

Фото: pixabay.comТүркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған жеті адамды іздестіруде. 


Талғат Уәлидің мәліметі
нше, жеті адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 25 мамыр күні сағат 18:30-да түскен. 
Белгілі болғандай 21 мамыр күні туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда оралуы керек болатын. Алайда сол беті қайтып келмеген. 


Өткен тәулікте іздестіру топтары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралап шыққан. Одан бөлек, екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста ұшу жүргізілген. 
"Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 құтқарушысы, 2 квадракоптері және 7 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 техникасы, ҰҚК Шекара қызметінің 3 атты патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары да іздеу жұмыстарына атсалысуда", - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 


Өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына (тұман, ала бұлт, таулы жерлердегі найзағай) байланысты "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағын Шымкент қаласынан әуеге көтеру мүмкін болмай отыр.