Қызылордада мыңнан астам үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды

392
Қызылорда облысында жылу беру маусымы басталғаннан төтенше жағдай департаментінің мамандары аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын 1040 тұрғын үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатты
Төтеншеліктер тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға тұрғылықты жерлері бойынша 68 рейд жүргізген. Сондай – ақ,  профилактикалық жұмыстар барысында 18 133 тұрғын сектордың 72 847 тұрғынына өрт қауіпсіздігін сақтаудың ережелін түсіндірді. 42 рет жиын өткізілді.
«Жалпы облыстағы өрттің пайда болу себептерінің басым бөлігі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан, тұрмыстағы пештің, газ қондырғыларының ақаулығынан болып отыр. Қазіргі таңда, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға датчиктер орнаттық. Полиция қызметкерлері және волонтерлармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеміз», – деп баяндады облыстық ТЖД баскармасы бастығының орынбасары Асхат Оразбеков.
Сонымен қатар, төтеншеліктер аурухана, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы күту залдарында орналасқан теледидарлардан өрт қауіпсіздігі туралы түрлі бейнероликтер көрсетіліп, халық көп жүретін жерлерде үнпарақтар ілінген. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар бұдан әрі де жалғасын табады.