Түркістан облысы мен Шымкентте жанармай неге тапшы
Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы жанармай құю бекеттерінде дизель отыны тапшы болып жатқаны көпшіліктің қызу талқысына түсуде. Осы орайда отандық сарапшы Ерлан Жаукиннің жанармайдың не себепті тапшы болып жатқанына қатысты болжамдарын жария етті.
Негізінде Шымкенттің аумағында бүтін бір үлкен аймақты жанармаймен қамтамасыз етуге шамасы жететін қазіргі заманғы мұнай өңдеу зауыты бар емес пе? Мәселе неде?
Жанармай тапшылығының түп себебі 2021 жылдың қаңтарында басталды. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысына KEGOC энергиясын жеткізуде қиындықтар туындады. Бұл жағдай Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин мен дизель отынының өндірісіне айтарлықтай әсер еткен бірқатар апатты тудырды. Осының салдарынан сәуір айында Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды.
Наурыздың аяғынан сәуірдің аяғына дейінгі кезеңде күрделі жөндеу үшін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жоспарлы тоқтату көзделді. Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңарту аяқталғаннан кейін 2021 жылдың наурызында 3 жылдық жөндеу циклына көшірілгенін атап өткен жөн.
Қорытынды қандай? Атырау мұнай өңдеу зауытының жоғары сұранысқа ие бензин мен дизельдік отын өндірісінің едәуір төмендеуі, сондай-ақ бұл зауытты жоспардан тыс жөндеу қажеттілігінің туындауынан, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі наурыз-сәуір айында жоспарланған Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмысын кейінге қалдырды. Нақтырақ айтсам, жоспарланған мерзімді кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Ал, еліміздегі жанар-жағармай материалдарына сұраныс салыстырмалы түрде 20% -ға өсіп жатыр.
Бөлшек сауда нарығының ірі қатысушылары сұраныс жоғары болатын маусымда қалыпты жағдайда өткізу үшін дизель отыны қорын жасауды дер кезінде қамтамасыз етті. Ал тауар қорын тек 2-3 аптаға ғана жасайтын жергілікті бөлшек сауда мұндай қарқында жұмыс істей алмады.