Қызылордада тағы бір адам Конго-Қырым қанды безгегінен қайтыс болды

1 228

Қызылорда облысы Шиелі ауданында тағы бір адам Конго-Қырым қанды безгегінен көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шиелі ауданына қарасты Н.Бекежанов ауылының 32 жастағы тұрғыны Конго-Қырым қанды безгегінен көз жұмды. Бұл – аталған диагнозбен қаза болған үшінші адам.


«Жыл басынан облыс бойынша Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу күдігімен 29 жағдай тіркелді. Олардың арасынан 10-ы клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды. Атап айтқанда, Қармақшы, Сырдария аудандары мен облыс орталығында – 1, Жанақорғанда – 5, Шиеліде 2 дерек анықталды. Былтыр 601 адам дәрігерлер қарауында болса, биыл олардың саны 712 адамды құрайды», - деді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.


Айта кетсек, бұдан бұрын Шиелі ауданының тұрғыны аталған диагноздан көз жұмған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.