Қызылордада ҰҚК заңсыз қару сатқан полиция қызметкерлерін ұстады

324

Қызылорда облысында ҰҚК заңсыз қару сатқан аудандық полиция қызметкерлерін ұстаған,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Қызылорда облысының Шиелі ауданында ҰҚК мен полиция қызметкерлері заңсыз қару сатты деген күдікке ілінді.


Бұл туралы “Әділдік жолы” РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Бақтыбаева facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жариялады.


"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен Шиелі Ауданының полиция қызметкері қару сатқаны үшін ұсталған деседі… Қаншалықты рас мәлімет?! 

Сатылды деген қару қайдан алынған?! Мемлекет сеніп тапсырған қарулар емес пе сатылып жатқан?! Және бұндай әрекетке жол берген аудандық полиция басшысы жұмыстан шеттетілуі қажет емес пе?!", - деп жазды.


Желідегі жарияланымды  Қызылорда облысының Полиция департаменті жоққа шығармай керісінше орын алған оқиға басшылықтың жіті бақылауында екендігін ресми мәлімдеді:


"Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады, оның барысы Департамент басшылығының бақылауында тұр" - деді Қызылорда облысының Полиция департаменті мамандары.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.