Қызылордада 44 жастағы қой бағып жүрген азамат суға кетіп, мерт болды
Қызылорда облысы Арал ауданында қой бағып жүрген 44 жастағы азамат каналға суға кетіп қаза болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар қызметіне 25 шілдеде сағат 17:28-де Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылында тұратын азаматтың суға кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
«1979 жылғы азамат қой бағып жүріп, «Жарма» суармалы каналына суға түсіп, батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен жансыз денесі табылып, судан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста 22 адам суға кетсе, оның 6-ы бала.
Мамандар тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұрайды.