Қызылордада сотталған 114 азамат түрмеден босатылды

681

Қызылордада қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінен мерзім соңымен 38 сотталған босатылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінен жыл басынан 114 сотталған босатылған. Оның ішінде  9 сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын, ҚР ҚК-нің 73- бабымен 67 сотталған,  мерзім соңымен 38 сотталған босатылған. Олардың бірі  сот  қаулысымен мерзім соңымен босатылса, енді бірі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру  немесе өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға ауыстырылып босатылған. 


Бүгін Р.есімді сотталған мекемеден айыппұлмен босатылды. Ол ҚР ҚК-нің 216 бабы 3-бөлігімен 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Жазасын ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде өтеуге жіберілген.


Жазасын өтей жүріп, мекемеішілік мәдени-спорттық шараларға белсене қатысқан. Жуырда Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысының негізінде оның  жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстырылып , сот қаулысы заңды күшіне енген соң мекемеден босатылды. 


Арнайы есепке алу бөлімінің инспекторы әділет капитаны  Мерей Табылғанованың айтуынша сотталғандардың сандық есебін жүргізіп, олардың түрлі мақсаттағы талап-өтініштерін заң аясында сотқа жолдап отырады.


"Сотталғандардың жеке істерін толықтай зерделеп, олардың жаза өтеу мерзімдері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жеңіл жаза түріне ауыстыру секілді формалді уақыттарын есептеп, сотталғандарға хабарлама беріледі. Сондай –ақ сотталғандардың жеке басын куәландыратын құжаты жоқ және мерзімі өткен болса құжаттандырады.  Құжаттандыру мәселесімен арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлерімен  қалалық көші –қон полиция басқармасының қызметкерлері тығыз жұмыс жасайды. Жыл басынан 19  сотталғанның жеке куәліктері қалпына келтірілді",- деді әділет капитаны Мерей Табылғанова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.