Қызылорда облысында оқ атқан азамат ұсталды

2 071

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде ауаға оқ атқан азамат құрықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.


Оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды.


ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.