Қызылорда облысында 8 отбасы ата-ана құқығынан айырылды
Қызылорда облысында сот үкімімен 8 отбасы сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі
Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар жасайтын және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Бала-Заң-Қауіпсіздік» атты жедел профилактикалық шаралары өтті.
Нәтижесінде 6251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылып, 53 жасөспірім қылмыс жасағаны үшін ұсталды.
Ведомство мәліметінше, Қызылорда облысында арнайы рейд өткен. Сол арқылы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, дискотекаларда, кафе-барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрісіне жол берілмейді.