"Сыр жастары" бағдарламасымен 100 жас отбасы баспаналы болмақ

2 540

«Сыр жастары» аймақ жастарына деп  жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 200,0 млн теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов баяндады.


 «Сыр жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 12-26 қазан аралығында ұйымдастырылып, конкурсқа 789 жастан өтінім түсті. 2023 жылдың соңына дейін бағдарлама аясында 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда» ,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.