Балабақшада бір топ бала бүлдіршінді жабылып ұрған

2 508

Фото: ашық дерек көзіҚызылорда қаласындағы балабақшада ұл баланы өзімен жасты сәбилердің ұрғаны анықталды. Баланың ерні жырылып, жарақат алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Бұл жайлы әлеуметтік желіде анасының шағымы жарияланды. Онда облыс орталығындағы «Аяла-Жан» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан баласының ерні жырылып, жарақат алғаны айтылған. Мекеме камерасынан қараған сәтте ұл балаға бір топ бала жабылғаны көрінген. Жамбасынан теуіп, басы мен бетінен ұрған.

Аталған оқиға жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі төмендегіше түсініктеме берді.


Қалалық білім бөлімі аталған балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады. Мәлімет қосымша хабарланады, - деп жазылған хабарламада.

Ал Қызылорда қалалық полиция басқармасы бұл мәселеге байланысты тиісті жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.


18 қаңтарда әлеуметтік желіде жарияланған «Аяла Жан» балабақшасында болған оқиға жөніндегі жарияланым басқарманың ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Ол бойынша құжаттар жинақталып, Қызылорда облысы білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін жолданады, - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасы.