Көкпар кезінде болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

2 566

Фото: МТРК «Мир»/ Мтрк МирҚызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Алғабас ауылында көкпар ойыны кезінде жеңіл автокөлік бірнеше жылқы мен шабандозды қағып кетті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода көліктің ойын алаңына кіріп, қатысушыларды қағып өтіп, тоқтамай кетіп қалған сәті түсірілген. Полицияның мәліметінше, көкпарды Шиелі ауданының тұрғыны ұйымдастырған.

“Аталған дерек бойынша бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар, көкпар ұйымдастырушысы жергілікті билік органдарынан ойын өткізуге рұқсат алмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.