ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2 553

Фото: видеодан кадрБүгінгі таңда Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші артып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өткен жылы тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында өңірімізде алғаш рет Сол жағалау тұрғын ауданынан 504 пәтерді құрайтын 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, абаттандыру, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.


Сонымен қатар, Сол жағалаудан 470 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, бүгінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда.


Жоспардың бірі, 84 пәтерлі жеті қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін мыңнан аса пәтердің құрылысын аяқтап, пайдалануға берілетін болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.