Қызылорда қаласының жаңа прокуроры тағайындалды

2 670

Фото: EgovkzҚызылорда қаласының прокуроры болып әділет кеңесшісі Жандарбек Сұлтанбекұлы тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Жандарбек Сұлтанбекұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2010ж. Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әрі қарай Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бас прокуратураның департаментінде бөлім прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2021ж. бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуроры лауазымын атқарған.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «2 дәрежелі Айбын» орденімен наградталған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан астам.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.