Қызылордада мемлекеттік мекеменің басшысы жауапқа тартылды
Қызылорда көлік прокуратурасы мемлекеттік сатып алу кезінде бөлінген бюджет қаражатында заңсыздықтың орын алғандығын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
KazakhinTrade ЖШС мемлекеттік мекемеден жерүсті кабельдік желісін бөлшектеу кезінде пайда болатын кабельдік өнімнің қалдықтары саналатын қорғасын қабығын сатып алған. Сатып алушы сатушының шотына белгіленген мерзімде толық төлем жүргізбеген. Мемлекеттік мекеме өз тарапынан заңмен көзделген міндеттерді және төленбеген қаражатты өндіруге бағытталған шараларды қабылдамағаны белгілі болған. Сонымен қатар, сатып алушымен қосымша шартқа отырып, заңнамаға қайшы артықшылық білдірген.
Аталған келісімшарт прокуратурамен уәкілетті мемлекеттік органға қадағалау актісі енгізілгеннен кейін біржақты бұзылды. Сот шешімімен KazakhinTrade ЖШС-нен 80 млн теңгеге жуық өсімпұл сомасы толығымен өндірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
«Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорын басшысы жеке және заңды тұлғаларға шешімдер дайындау және қабылдау кезінде заңда көзделмеген артықшылық көрсеткені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 қызметкерге сөгіс жарияланды.