Қызылордада республикалық автожолдарды қайта жаңарту жұмыстары жанданды

2 588

Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолының жалпы ұзындығы 412  шақырымды құрайды. Оның ішінде 204 шақырым Қызылорда облысына, ал 208 шақырым Ұлытау облысына қарасты. Бұл күре жолда соңғы құрылыс жұмыстары осыдан 40 жыл бұрын жасалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі QazAvtoJol-ға сілтеме жасап. 


Тас жолдың Қызылорда облысына тиесілі телімін қайта жаңарту жұмыстары 6 учаскеге бөлінген, 5 учаскеде жұмыстар жүргізіулде. Бүгінде жолшылар км 24-127 учаскесінде құнарлы жер қабатын алу, айналма жолдарды салу, жабынды терең қопсыту және  қолданыстағы жол жабынын алу жұмыстарын жүргізуде. Ал км 127-216 учаскесінде айналма жолмен көлік қозғалысын қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Бұл автожолдағы жұмыстар кезең-кезеңмен 2022 жылы басталған.


Қызылорда облысына қарасты автожол учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстарының толық аяқталу мерзімі – 2025 жылдың соңы. Жоба аясында асфальтбетон жабыны бар, 2 жолақты автожолды пайдалануға тапсыру көзделген. Сондай-ақ, су өткізу құбырлары мен малөткелдер де орнатылады.


«Қызылорда-Жезқазған» автожолының Ұлытау облысына тиесілі учаскесін қайта жаңарту жұмыстары 2024 жылдың екінші жартысында басталады.


Қызылорда облысындағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту үшін 427 арнайы жол техникасы мен 517 жолшы жұмыс жасайды. Оның ішінде 459 адам - жергілікті мамандар.