"Аман болыңыздар"...

416
Әлеуметтік желілерде Тараз-Шымкент тас жолындағы ұзын-сонар кептелістің видеосы таралуда. 
Видеоны танымал қазақстандық фотограф әрі оператор Әділет Рахметолла өзінің Instagram-профилінде жария еткен. Роликтен жүздеген көліктің ұзын-сонар кептелісте тұрғанын байқауға болады.
 Кадрлардан кептелістің бірнеше шақырымға дейін созылғанын байқауға болады. Бейнежазба астына видеограф бұл жайт кеше таңғы уақытта түсірілгенін жазған. Оның айтуынша, кептеліс ауа райының нашар болуы салдарынан уақытша жабылып қалған Тараз-Шымкент тас жолында болған. 
Видеоны көрген желі қолданушылары кептелісте тұрғандарға амандық тілеуде.
 "Жолаушы кісілер, жолдарыңыз ашық болсын, аман болыңыздар", "Жақын арадағы бауырлар, жолаушыларға мүмкіндік келгенше азық-түлік апарып берсеңіздер, нұр үстіне нұр болады", "Киелі Таразым, Алла жолдың амандығын берсін, әр сапарда жүрген адамға", - деп жазған пікір қалдырушылар.