Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

2 524

Фото: gov.kzБірыңғай конкурстық комиссияның шешімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Шамұратов Пакуатдин Сражадинұлы тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қала әкімі Серік Қожаниязов жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырды.


«Пакуатдин Сражадинұлы – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, сатылап өскен білікті де, тәжірибелі маман. Маңызды салаларда басшылық қызмет атқарған, тапсырманы тиянақты орындайтын жауапкершілігі мол азамат. Пакуатдин Сражадинұлы әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін», – деді қала әкімі.


Пакуатдин Сражадинұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.


2006 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру», 2013 жылы «ҚазТұтынуОдағы» Қарағанды экономикалық университетінде «Құқықтану», 2016 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.


Еңбек жолын 2006 жылы «Қазалы-Құрылыс» ЖШС геодозист болып бастаған.


2007-2008 ж.ж аталған мекемеде директордың міндетін атқарушы;


2008-2010 ж.ж Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы;


2010-2011 ж.ж қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары;


2011-2012 ж.ж қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы;


2012-2017 ж.ж қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы;


2017-2020 ж.ж Тасбөгет кентінің әкімі;


2020-2021 ж.ж қалалық құрылыс бөлімінің басшысы;


2021-2022 ж.ж Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;


2022-2023 ж.ж Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;


2023 жылдан бастап осы кезге дейін қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.


Пакуатдин Сражадинұлы кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдеріне жетекшілік жасайды.