Қызылорда облысында 70-ке жуық мигрант елден шығарылды

2 339

фото:usolie.infoҚызылорда облысында сот шешімімен 68 мигрант ел аумағынан шығарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері Қызылорда облысының аумағына түрлі мақсаттармен 16 196 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Оның ішінде 15 960 азамат ТМД елдерінен болса, ал алыс шетелдерден 236 азамат тіркелген. 


"Осы жылдың 8 айында жалпы 2 272 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтары жасаған 1497 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның 68-і сот шешімімен республика аумағынан алыстатылып, 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды", – делінген ақпаратта.


Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпегені үшін 755 Қазақстан азаматына әкімшілік шаралар қолданылып, жеке және заңды тұлғаларға қатысты 18 млн 823 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, толығымен мемлекет пайдасына өндірілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.