«Қызылорда-Жалағаш»: 91 шақырым жолды жөндеу басталды

315
Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов «Қызылорда-Жалағаш» автожолының жөндеу жұмыстарымен танысты деп, хабарлайды Kyzylorda-news.kz

Қазіргі таңда 91 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары басталып, Жалағаш кенті мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодəлізі аралығындағы 15 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС-не атқарылатын жұмыстардың сапалы болуын қадағалап, жауапкершілікпен жұмыс жасау қажеттігін айтты.

Биыл республикалық бюджеттен 1,05 млрд. теңге қаржы бөлініп, бірінші кезекте автожолдың нашар учаскелері 30 шақырым жол жөнделеді. Ал 2022 жылы автожолды жөндеу жұмыстары толық аяқталады.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.