Қызылордада азық-түлік бағасын негізсіз көтерудің 30 дерегі анықталды

2 512

Фото: Pixabay.comОблыс бюджетін тиімді әрі орнымен пайдалану мақсатында департамент мамандары өткен жылы 2 әлеуметтік жобаның сметалық құжаттамасынан баға көтеру фактілерін анықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және қадағалау Қызылорда облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі саналған.

Нәтижесінде 800 млн теңгеден астам бюджет қаржысы үнемделді. Ол халықтың әлеуметтік қажеттілігіне бағытталды. Мұндай іс-шаралар облыстың қаржылық тәртібін күшейтуге және әлеуметтік бастамаларды қолдауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстеме бағасын негізсіз көтеру бойынша 30 дерек тіркелді. Кінәлілерге құқық бұзу құрамының болмауына байланысты әкімшілік шара қолданылды, - делінген департамент хабарламасында

– Қылмыстық іс аясында темекі өнімдерін сату бойынша 7 нысанда тінту жүргізілген. 939 вейп, 1840 темекі бұйымы және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.