Қызылордада 600-ден астам мопед тіркелді

2 019

Фото: Pixabay.com 5 сәуірден бастап елімізде тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жыл басынан бері 12 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның басым бөлігі жол қозғалысы кезіндегі талапты сақтамағаннан, жолда жүру ережесін бұзғаннан болып отыр.

Заң талабы күшейген соң облыс көлемінде 600-ден астам мопед тіркелді. Қос дөңгелекті көлікті тіркеусіз басқарғандарға Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігі негізінде 60, жүргізуші куәлігінсіз басқарғандарға 612-бабының 2-бөлігімен 62 әкімшілік шара қолданылды. 

"16-17 жасқа толмағандар мопедті жүргізуші куәлігінсіз басқарған жағдайда Әкімшілік кодекстің 612-бабының 2-бөлігіне сәйкес 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасына Әкімшілік кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады," – деді Нұркен Бақтияров.