Қызылордадағы әлеуметтік нысандар мүгедектігі бар жандар үшін ыңғайлы ма?
Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 34 мыңнан жоғары,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылы оларды оңалту бағдарламасын орындауға бюджеттен 7,9 млрд теңге бөлінген.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 36 779 адам техникалық оңалту құралдарымен, қызметпен қамтылған.
2024 жылы Қызылорда және Байқоңыр қалаларына, өткен жылы облыстық мүгедектер қоғамына осындай көліктер сыйға тартылған.
2024 жылдан бері мүгедектігі бар барлық санаттағы адамдарға Республика күніне орай 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беріліп келе жатыр.
Айта кетейік, басқарма 2023-2025 жылдары Қызылорда облысында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырған 5111 мекеме мен ұйымдарға мониторинг жүргізіп, нәтижесін жариялаған.







