ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1 502

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жастар арасында профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараға қалалық прокуратураның, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, қалалық ювеналды полицияның және Жастар орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жастар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың себептері мен салдары талқыланып, нақты өмірлік жағдайлар мысал ретінде қарастырылды.

Сонымен қатар есірткі қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлес қосу.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.