АЙМАҚ БАСШЫСЫ КОРЕЙ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «With you E&C Kyzylorda» корей компаниясының директоры Хванг Сонсингпен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басқосуда тұрмыстық қатты қалдықты қайта өңдеуге бағытталған бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы аталған жоба өңірдің экологиялық мәселелерін шешудегі маңызды қадам екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстандағы Корея Республикасы Бас Консулдығының ресми шақыртуымен аймақ басшысы бастаған делегация Корея Республикасында болып, екіжақты кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университеті президентімен кездесудің нәтижесінде білім және ғылым саласында тиімді байланыстар орнатылды. 2023 жылы қараша айында Қорқыт ата университетінде «Жасанды интеллект мектебі» ашылды. Онда жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика салаларының жоғары білімді кадрлары даярланады.
Аймақта тұрмыстық қатты қалдықты өңдеп, жинап, сұрыптайтын 15 компания жұмыс істеуде. Өткен жылы жиналған 303 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтың 91,2 мың тоннасы, яғни 30,1 пайызы өңделді.