Қызылордада салмағы 549 грамм сәбиге бірегей ота жасалды

2 515

Фото: Қызылорда облыстық перинаталды орталығыҚызылорда облыстық перинаталды орталығының дәрігерлері салмағы небәрі 549 грамм нәрестеге күрделі хирургиялық операция жасады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Нәресте ана құрсағында 24 апта 3 күн дамып, перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Экстремалды төмен салмақпен туған сәбидің жағдайы өмірінің 27-тәулігінде күрт нашарлаған.

- Шала туылу салдарынан баладан ауыр дәрежелі бронхөкпелік дисплазия, неонаталдық пневмония, некроздаушы энтероколит, перитонит және ішектің тесілуі анықталған. Нәрестенің жағдайын тұрақтандыру мақсатында дереу қарқынды емдеу шаралары жүргізіліп, гемотрансфузия (қан құю) жасалды. Осыдан кейін тәжірибелі мамандар шұғыл хирургиялық отаға кірісті. Мамандардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде тоқ ішектің некрозға (шіруге) ұшыраған бөлігі кесіліп, стома шығарылды, - делінген хабарламада.

Күрделі отаны неонатальды хирург Б.Маханбетияров, көмекші хирург С.Нүсіпқожаев және балалар анестезиологы И.Самсонов жасады. Сондай-ақ операциялық мейіргер Н.Ұзақбай мен мейіргер З.Сайлаубекова да ота барысында жоғары кәсібилік танытты.

Мамандардың айтуынша, отадан кейін нәрестенің жағдайы әлі өте ауыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде қарқынды ем қабылдап жатыр. Сәбидің жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.