Қызылорда түрмесінде сәлемдеме арасынан сабынға жасырылған телефон табылды

2 329

Фото: Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіҚызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушіге танысы ерекше сәлемдеме алып келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті кір сабынның ішіне телефон жасырып өткізбек болған.

− Сәлемдемені тексеру нәтижесінде мекеме қызметкерлері кір сабынның ішіне жасырылған телефонды тапты. Телефон сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Оны мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген күдіктегі қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481-бабына сәйкес құжаттар сотқа дайындалып жатыр, − делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.