Қызылордадағы Президент саябаяғында тегін Wi-Fi орнатылды

2 508

Фото;instagram/qazaqshanewsҚызылорда қаласындағы жаңартылған Тұңғыш Президент саябағында енді келушілер тегін Wi-Fi желісін пайдалана алады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақтелеком» іске қосқан жоба аясында саябақтың негізгі серуендеу аймақтарына төрт заманауи Wi-Fi роутері орнатылған. Желінің өткізу қабілеті айына 10 мыңға дейін пайдаланушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Компанияның мәліметінше, жаңа сервис тұрғындар мен қала қонақтарына интернетке еркін қосылып, мессенджерлерді пайдаланып, әлеуметтік желілерге фото-видео жүктеп, цифрлық қызметтерді қолдануға жағдай жасайды.

Тұңғыш Президент саябағы жақында ауқымды жаңғыртудан өтті. Қазіргі таңда мұнда спорт алаңдары, серуендеу аймақтары, субұрқақтар, шолу дөңгелегі, фудкорт пен кафелер жұмыс істейді. Енді бұл қатарға тегін Wi-Fi қызметі де қосылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.