Шиелі ауданында "AMANAT": көшпелі мобильді қабылдау өтті

2 320

Фото: Шиелі аудан әкімдігі"AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Мәдениет үйі" бастауыш партия ұйымында көшпелі мобильді қабылдау өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қабылдауда партия филиалы жанындағы фракция жетекшісі, мәслихат депутаты Қазбек Шәукебаев қатысып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Мобильді қабылдауға келген тұрғындар тұрғын медициналық көмек көрсету, тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты өтініштерін білдірді. Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, тұрғындарға заң аясында шешілуіне жұмыс жасалатыны туралы айтылды.Көтерілген мәселелердің орындалуы "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының бақылауында болады. Мәселелеріне қарай аудандық мекемелерге жолданады.