Шиелі ауданында депутаттық фракция отырысы өтті

2 345

Фото: Шиелі аудан әкімдігіШиелі аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, фракция жетекшісі Қазбек Шаукебаев, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев және депутаттық фракция мүшелері қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Депутаттық фракция отырысының күн тәртібіне жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 3 мәселе ұсынылды:

1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картаның Шиелі ауданында орындалуы туралы

2. Шиелі ауданы бойынша білім беру саласының жайы мен жақсарту шаралары туралы

3. Жаңатұрмыс, Еңбекші ауылдық округі әкімдерінің сайлауалды бағдарламаларының орындалуы туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картаның Шиелі ауданында орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары Сағындықов Бағлан Жанғалиұлы, Шиелі ауданы бойынша білім беру саласының жайы мен жақсарту шаралары туралы Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Насибеков Дауренбек Ердібекұлы, Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Бердібаев Еркін Айтөреұлы, Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы Еңбекші ауылдық округінің әкімі Жусупов Елдос Айтөреұлы хабарлама жасады.

Отырыс барысында күн тәртібі бойынша депутаттық фракция мүшелері ұсыныс-пікірлерін айтып, талқыланды.

Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешім қабылданды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.