Қармақшы ауданында газдандыру жұмыстары жалғасуда

2 392

Фото: Нурболат НуржаубайҚармақшы ауданында елді мекендерді газдандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

- Қазіргі таңда Дүр Оңғар ауылына газ тарту жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында 86,9 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 3 газ реттегіш шкафты пункт орнатылады. Сонымен қатар, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Бүгінде аудан халқының 78 пайызы табиғи газды тұтынып отыр. Жобалар толық іске асқанда бұл көрсеткіш еселене түспек, - деді Жандос Еркінбекұлы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.