Қармақшы аудан әкімінің қабылдауында – Азия чемпионы
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, жерлесіміз Ерасыл Сәулебековті арнайы қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өз сөзінде аудан басшысы:
Аудан әкімі халықаралық аренада ел абыройын асқақтатқан Ерасылға Алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады. Сондай-ақ, қажырлы еңбегі мен табандылығы үшін жеке бапкері Айдар Ералиевке де құрмет көрсетілді.
Шара барысында Қармақшы ауданының мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков құттықтау сөз сөйлеп, Ерасылдың жеңісі – аудан ғана емес, күллі Сыр өңірінің мерейін үстем еткен үлкен жетістік екенін жеткізіп, жас спортшымызға баталарын берді.
Айта кету керек, қазіргі таңда Қармақшы ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде ауыр атлетика бөлімі 2014 жылдан бастап құрылып, әлем және ел біріншіліктерінің жеңімпаздары тәрбиеленіп шығуда. Бүгінде онда 50-ге жуық жас спортшы кәсіби деңгейге жету жолында еңбек етіп келеді.